{gallery}0507{/gallery}Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру жөнінде үндеу жасаған болатын. Соған орай, Талдықорған өңірінің өкіл имамы С. Ахмадиевтің тікелей ұйытқы болуымен Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде ораза айт мерекесіне арналып, «Айттық дастарханы» атты акция ұйымдастырылды.
Қайырымдылық акциясында тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 250 отбасыға азық-түлікпен қайырым көрсетілді. Акция барасында жиналған жұртқа викторина өткзіліп, бағалы силықтар таратылды. Жарапазан жаршылары да шетте қалмай, жұрттың қоңілін жырлармен көтерді.
Мүмкіндігі шектеулі мұсылман бауырымызға мешіт атынан арба силанып, қуанған жұрт көзжасын тыя алмады. Гір көтеруден әлем чемпионы болған Машаев Елубай ағамыз да айттық акциясынан шет қалмай, өкіл имам қолынан қаржылай силық алды.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
Акция «Праздничный дастархан»
Верховным муфтием Казахстана Е. Маямеровым было обращение ко всем мусульманам Казахстана об увеличении благотворительных акций и помощи ближним. В связи с этим, под прямым руководством полномочного имама Талдыкорганского региона в центральной мечети Талдыкоргана была организована в честь праздника Ораза-айт благотворительная акция под лозунгом «Праздничный дастархан».
В акции были розданы 250 комплектов дастархана малоимущим, многодетным семьям и людям с ограниченными возможностями. В ходе акции была проведена викторина, где правильно ответившим на вопросы были розданы ценные подарки.
Пресс-центр ДУМ Казахстана по Талдыкорганскому региону