ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкілдігіне қарасты орталық «Иман» мешітінде облыстың бас имамы Алмас Сағидоллаұлының төрағалығымен аудан-қала имамдарының қатысуымен жиын өтті. Басқосу барысында үстіміздегі жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарияланған «Ислам ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында атқарылар айтулы, жалпы, негізгі шаралар жайында ойлар ортаға салынды. Ақпан айының соңына бекітілген республикалық конференция жай-жапсары пысықталды. Нақты тапсырмалар берілді. Өңірдің діни ахуалын көтеру, сайт мәселелері бойынша тың идеялар іске асырылады деп күтүлуде.