Пайғамбарымыз (ﷺ) өзінің хадис шарифінде таң намазының артықшылығы жайында «Таңғы уақыт – береке әрі намаздың өз мақсатына жететін кезі» (хадис). Әр бір иман келтірген мұсылман үшін ерекше берекелі уақыттар бар, сол уақыттың бірі. Бұл уақыт – таң намазы және намаздан кейінгі уақыт, осы уақыт жөнінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан болатын: «Уа, Алла, таңғы уақытта менің үмбетіме береке бер».
Оған мысал ретінде егер ерте тұрсаңыз көптеген ісіңізді жасап үлгересіз және де сол күннің берекелі жемісті өткендігін байқағанда шығарсыз. Алайда намаз оқып, құлшылық жасап жүрген мұсылман бауырларымыздан көбінесе таң намазына ұйықтап қалатынын себептерін айтып жатады. Әрине пенде болған соң отбасы бар кәсіп деп дүниелік қажеттіліктердің уақытша екенін естеп шығарып соның әсерінен намаздарын белгіленген уақытта оқи алмай уақыт өткізіп жатқандарын да айтады. «Тәтті ұйқысыннан тұра алмай, кейін қаза етіп жатқандар қаншама».
Әрине, бәрі деп айтудан аулақпыз. Таң намазына тұру – мұсылман адамның иманы мен нәпсісінің арпалысатын күресетін кезі. Кейде шайтан оған Алланың лағынеті болсын. Нағыз қарсы шығатын кезі десе де болады. Себебі, шайтан бір мұсылманды таң намазына тұрмауына себеп болса, ол жанның сол күнгі рызық-несібесінің азаятынына, құлшылығының белсенділігі төмендеп, иманы әлсірейтінін жақсы біледі. Егер осы уақытта жеңілсе басқа уақытта жетегіне ілестіре алуы оңай болмақ. Сондықтан мұсылман өзіне мәңгі қарсы дұшпан шайтаннан сақтанып, Алла Тағаладан әрдайым пана сұрап жүру керек.
Бес уақыт намаздың ішіндегі ең сауапты әрі жауаптысы ол – таң намазын естен шығармау керек. Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (ﷺ): «Таң намазын оқығаннан кейін ырыс-несібеңізді табудан қапыда қалып, ұйықтамаңдар» (Табарани) десе, атам қазақ: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», деп түйген.
Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (ﷺ) : «Әрбір таң арайлап атып, Алланың құлдары ұйқыларынан оянып жатқанда, көктен екі періште түседі. Бірі: Уа, Алла Тағалам! Дүние-мүлкін игі жолға жұмсағанның дүниесінің орнын толтыра гөр – десе, екіншісі: Уа, Алла Тағалам! Жиған-тергенін жұмсамай, тығып отырған сараңды шығынға ұшырат – деп дұға жасайды», деген хадисін жеткізген. (Бұхари, Мүсілім). Байқағанымыздай таңғы уақыттың әрбір мұсылман үшін маңызы өте зор.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ): «Уа, Алла, таңғы уақытта менің үмбетіме береке бер», деп бекер дұға етпесе керек. Барлық адам шырт ұйқыда жатқан осы бір қайырлы уақытты бекер өткізіп алмай Алла Тағаладан дүние және ақыретіңізге қажеттіліктің барлығын сұрауға мүмкіндікті жібермеңіз. Тағы бір мүбарак хадисте келгендей «Тіпті аяқ киімнің бауын да» сұрасаңыз болады, туыс-бауыр, дос-жаран, көрші-қолан, елге, барша үмбетке Алладан тек жақсылық тілейік. Дұғаны шынайы ықыласпен жасайық құрметті мұсылман баурлар.
Алла елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) уақытты әр қашан үнемді пайдалануға аса мән берген. Сондықтан да, әр бір мұсылман өз уақытына ұқыптылық танытуы керек. Араб халқында мақал бар «Уақыт қылыш секілді, не сен шабасың немесе ол сені шабады». Таңғы уақытта күні бойы жасайтын шаруаларды реттестіріп неден бастау керек не нәрсе маңыздырақ күн тәртібіне қою маңызды. Сол тәртіппен амал етсек күніміз берекелі және сәтті болмақ.
Текелі қаласы «Керімбек би»
мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы