Басып шығаруға арналған нұсқасы

ӨНЕГЕЛІ БОЛСА – БАЛА КӨРІКТІ

04 May 2016 0 comment Оқылды: 2975 рет

Адамзаттың бүгінгі таңдағы жетекші даму бағыты – білім мен ғылымға негізделген. Оның жетістіктерін қолдану дәрежесіне орай кез келген елдің әлемдегі орны алдын-ала көрсетіледі. Сол себепті де Қазақстан алғашқы елуліктің қатарына қосылуды межелеп отыр.

Жаңа ғасырдың басты мәселесі – шексіз технологиялық, ақпараттық мүмкіндіктерді толығымен игеру. Өкінішке қарай, қазіргі адамның рухани-адамгершілік идеяларын меңгеру сонша назарға алынбаған. Бірінші орында – ғылыми-техникалық даму. Жаһандану кезеңіндегі осы қарама-қайшылықты болдырмау бүгінде мәдениетке, өркениетке және діндерге жүктелген. Біз үшін Ислам – білімге арқа сүйеген дін. Қасиетті кітабымыз Құранда: «Уа, Жаратқан Ием! Ғылымымды арттыра гөр!» – тілегі бар. Ұлттық, нәсілдік, түр, тіл, тағы басқа ерекшеліктеріне қарамастан Ислам ғалымдардың мәртебесін әрдайым көтеріп отырады. Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз: «Екі адамға ғана қызыға қарауға болады: біріншісі, Алланың берген мал-мүлік, дәулетін хақ және дұрыс жолға жұмсаған пендесіне; екіншісі, Алланың берген білім және ғылымын өзгелерге үйреткен кісіге», – дейді. «Расында, білімді мен білімсіз тең бола ма?» дей келіп: «Білмесеңдер білгендерден сұраңдар», – дейді.

Құранда: «Мал мен балалар – дүние тіршілігінің сәні…» – деп басталатын сүре бар. Ал ол баланы имандылыққа тәрбиелеу – үлкендердің ақысы. Қорқыт бабамыз «Өнегелі болса – бала көрікті» деп нақтылайды. Оқуда – озат, жарыста – жеңімпаз болу аз. Оған қоса күнәлі іс жасаудан аулақ болу шарт. Бәрін-бәрін көріп тұрған Алладан қорқу – шынайы иман, жақсы мінез-құлқы бар балаға тән.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз