Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қабiрстанды зиярат ету үкімі

06 May 2015 0 comment Оқылды: 1599 рет

Ақыреттi ойлап қабiрстанды зиярат етуге болады. Барған адамдар дұға жасауы, мәйіттер үшін Құран Кәрімді оқып бағыштағаны жөн. Мәйітке оның пайдасы бар. Қабiрстанға жұма яки одан бiр күн бұрын немесе кейiн барса да болады. Зияратқа барған адамның мына сөздердi айтуы керек:
“Әссәләму ъаләйкум иә әһләл-қубуур, уә иннә инша Аллаһу бикум ләлаахиқун уа әс-әлуллоһа ләна уә ләкумул ъафияһ”. 
(«Уа қабірстан қауымы! Сізге Алланың сәлемі болсын! Алла қаласа әлбетте біз сендерге қосыламыз. Алладан бізді және сендерді кешіруін тілеймін»)
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қабiр-шәріпiне зиярат ету сауап. 
Пайғамбарымыздың хадис шәріптерінде: «Қабірлерге зиярат етіңдер. Ол ақиретті еске түсіреді» делінген.
Зиярат етушi зияратты шариғат үкiмдерiне сай атқаруы тиiс. Марқұмдардан еш нәрсе сұралмайды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз