Басып шығаруға арналған нұсқасы

Кебiндеу үкімі

06 May 2015 0 comment Оқылды: 2065 рет

Мәйітті кебіндеу мұсылмандарға парыз кифая. «Әл-Аламгирия пәтуәларында» және «Фатх-әл-Қадирде» де парыз кифая делінген. Кебiн мәйiт денесiн түгел жауып тұруы керек. Мәйіт ер яки әйел болсын, егер кебiн келте болса, мұсылмандар мойнынан парыз түспейдi. Кебiн ақысы мәйiттiң өз мал-мүлкi есебiнен алынуы уәжiп. Мал-мүлкi болмаса кебiн ақысын туыстары мен одан жақсылық көрген кiсiлер төлейдi. Егер әйелі қаражатты болса да әйел кебiнiнiң шығынын күйеуiнің өтеуі мiндет. Туыстарының кебіндеуге жағдайы болмаса, мұсылман жамағатына, яғни жағдайы бар кісіге жүктеледі. Кебiн үкiмi сияқты мәйiттi жерлеу рәсiмi де қауымға мiндет.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз