Әйелінің сөзінен шықпайтын бір жас адам: «Шешең ертелі-кеш тамақ жей береді, еш тоймайды, мұның көзін құрт!»-деген әйелінің сөзіне сеніп, тілін алып, қартайып қалған шешесін бір тауға апарып тастайды. Кетерінде шешесінің бір нәрсені шайнап жатқанын көріп, әйелінің сөзі есіне түседі де: «Шынымен де менің шешем тоймайды екен ғой»-деп ойлайды. Ашуы келіп: «Ой, шеше! Не шайнап жүрсің? Жағың бір тынбады ғой»-дейді. Шешесі: «Кешір, балам, бір жұмадан бері аузыма ешнәрсе алғаным жоқ, сондықтан тілімді сорып жүрмін»-депті. Сонда ғана жігіт шешесіне мүлде қарамай, әйелін ғана тыңдап жүре бергеніне қатты ұялып, өкініп тәубесіне келген екен.