Басып шығаруға арналған нұсқасы

«Сабырлықпен туралық»

17 Nov 2015 0 comment Оқылды: 2997 рет

 

               Аллаһ Тағала құранда айтқандай: «Егер Аллаһ Тағаланың нығметін санасаңдар санап біте алмайсыңдар» демекші теңдесі жоқ қаншама нығыметтерімен бөлеген.Сол нығыметтерінің ішінде ең маңыздысы,қымбаты сабыр. Пайғамбарымыз (с.a.c.) айтқандай: «Адам баласына сабырдан үлкен әрі қайырлы сый берілмеген».Сол сияқты сабыр-тағдырға ризашылықтың, шүкірліктің белгісі.  Сабыр сөзінің мағынасы –әлдебір жағдайға тап болғанда  «тепе-теңдікті бұзбау, орта жолды ұстану, сынақтарға төтеп беру, қиыншылықтарға шыдау, уайым-қайғы  мен тауқыметтерге душар болғанда оларды   жеңіп шығу, ақыл мен діннің шеңберінде тұрақты түрде ұстай алу» деген мағынаға саяды.  Ал щыдамдылық дегеніміз-басымызға түскен әр түрлі сынақтарға төзу, ұстамды болу, қайраттылық пен қайсарлық таныту деген сөз. Сабырдын дүниедегі көрінісі қиын болып көрінуі мүмкін, ал ақыреттік көрінісі, сабыр танытқан үшін, бақыттының күнін кешеді. Аллаһ Тағала Құрандағы көптеген аяттарда сабырлы болуды дәріптеп, сабырлы құлдарды жақсы көретіндігін, сабырлы жандарды үлкен айтулы сый-сияпатқа бөлейтіндігін қуана жеткізген.
«Әли Имран» сүресінің 146-аятында: «Аллаһ сабырлыларды жақсы көреді» деп, өз сүйіспеншілігіне артығымен бөленетіндердің сабырлы жандар екендігін білдірсе, бұған қоса «Нахл» сүресінің 96-аятында: «Әрине, сабыр еткендерге істеген істерінен де жақсы сый береміз»
деу арқылы сабырлы жандарға арнайы сый-сияпаттың әзірленетінін сүйіншілейді. Бұл дүниеде біздің басымызға түскен нәрсенің бәрі – сынақ. Кеңшілік те, таршылық та, жоқшылық та, баршылық та, ауру-сырқауға ұшырау да – сынақ. Жаратушы Иеміз «Бақара» сүресінің 155-аятында бұл жайында: «Сөзсіз біз сендерді қорқынышпен, аштықпен, мал-мүліктеріңді, өздеріңді әрі өнімдеріңді кем қылу арқылы сынаймыз»,-дейді
. Сабырдың алғашқы шарты қандай  да бір қайғылы жағдайға ұшыраған уақытта, тура сол алғашқы кезде сабырлы болу. Дәл уақытында танытпаған сабырдың айтарлықтай сауабы да болмайды. Мысалы: «Пайғамбарымыз (c.а.с.) қайғыдан жылап отырған бір әйелге келіп «сабырлық қиыншылық келген  кезден басталады», деді, бірақ ол әйел Пайғамбарымызды танымастан, сен әрі жүр менім басыма келген қайғы сенін басына келген жоқ, деп асығыстық танытады.

  Құран Кәрімнің жетпістен астам жерінде сабыр жайлы сөз етілген. Қасиетті аяттарда Расулуллаһқа (с.а.с.) және ол арқылы бүткіл үмбетке сабырлылық былайша бұйырылған:   «Ей, иман келтіргендер! Сабырмен және намаз оқу арқылы Аллаһтан жәрдем тілендер!..»  (Бақара сүресі,153-аят)

«Сабыр етушілерге сауаптары есепсіз беріледі» (Зүмәр сүресі,10-aят) Расулуллаһ (c.а.с.) сабырдың түрлері мен ерекшеліктерін айғақтайтын  хадисінде былай деген: «Сабыр үш түрлі болады: қиыншылықтар кезіндегі сабыр, құлшылық етудегі сабыр және де күнә іс істемеуге сабыр…» (Сүюти 2.42; Дәйләми 2,416).

                                           

1. Ғибадатқа сабыр.

   Күн сайын бес уақыт намазға сабырлық танытып, рухын намазбен шыңдаған кісіге белгілі бір уақыт өте келе бір намазды қаза қылу да үлкен өкінішке айналады.Cонымен қатар, жылына бір рет ораза ұстау, белгілі уақыттарда зекет беру, жағдайы келіп тұрғанда қажылыққа бару, жер бесіктен көр бесікке дейін ілім іздеу, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю секілді ғибадаттардың барлығы үлкен сабырлықты, асқан төзімділікті, қажымас қажырлықты талап етеді.

                                                  2.Күнәға сабыр

   Негізі күнәларды адам баласына әшекейлеп көрсететін-щайтан. Харам нәрселерге көз жұма білуге асқан сабырлық керек. Алайда, пенде болған сон  көбіне адамның көзі харамға түспей тұрмайды.   Пайғамбарымыз (c.а.с.)  бірде хазірет Әлиге: «Алғашқы мәрте қарағаның күнә емес. Бірақ кейінгілері күнә» деу арқылы алғашында көздің қандай да бір харамға еріксіз түсуі күнә болып саналмағанымен, нәспсіге беріліп қайта-қайта әлгі харамға көз тастаудың күнә болып саналатындығын ескерткен. Сондықтан көзін сақтау үшін қуатты иман ықлас қажет. Хадисте айтылғандай: «Жаннаттың жолы қиындықтармен, тозақтын жолы нәпсінің қалауларымен көмкерілген» дейді.                                                                                   

                                                 3.Тағдырға, қиындықтарға сабыр

   Өмірдің тәттісімен қоса ащысы, қызығымен қоса қайғысы да бар, сондықтын тағдырдың ауыр сынына да ризашылықпен қабылдау керек.  Ауыр сынға сабыр ете білудің қандай болатындығын үйреткен де Пайғамбарымыздын (с.а.с.) өзі болады.                                                                                                                                                                                                                                Пайғамбарымыз (с.a.c.): Мүміннің ісі қандай ғажап! Оның қай ісі болмасын               қайырлы. Алайда , бұл мұсылманның ғана маңдайына бұйырған. Ол жақсылыққа тап болса, бірден шүкіршілік етеді-бұл оған қайырлы. Егер ол қандай да бір қиындыққа тап болса, дереу сабырлылық танытады-бұл оған қайырлы», деу арқылы мұсылман қауымды шүкіршілік пен жамандыққа тап болғанда ұстамдылық танытудың шеңберін сызып берген еді.

   Егер кісі сырқатқа шалдыққан кезде тағдырға налудың орнына, қайта шүкіршілік етіп, ел-жұртқа  шағым  айтып арызданбай шыдамдылық көрсете білсе, оның әр сағаты бір күндік ғибадат сауабына теңеліп, өмірі де берекетке кенелмек.  Алла Елшісінің (с.а.с.)  сабырлыққа үндейтін мысал Мүдрик әл-Әзди былайша баяндайды:  «Мен әкеммен бірге (надандық кезде) қажылық жасап жатқан едік. Минаға келіп тұрақтағанымызда бір жамағатты көрдім. Әкемнен  -Бұл жамағат не үшін жиналған? –деп сұрадым. 

 Әкем:  - Өз қауымының дінін тәрк еткен мына бір жігіт үшін жиналыпты,-деді.  Көрсеткен жағына қарап, Расулуллаһты(с.а.с.) көрдім.                          Ол (с.а.с.):  «Уа, адамдар! Лә иләһә иллаллаһ деп айтындар да, құтылындар!» деп жатқан еді.

   Ал адамдардың кейбіреулері оған түкіріп жатса, кейбіреулері балағаттап жатыр, енді біреулері оған топырақ та шашып жатты. Түске дейін осылай жалғаса берді…

   Бір уақытта жағасы сәл ашылып қалған бір қыз қолындағы ыдыстағы суымен және кішкене бет орамалмен Расулуллаһтың қасына келді.Ол жылап жатқан еді. Аллаһтың Елшісі (с.а.с.) ыдысты алып, судан ішті, кейін беті-қолын жуды. Артынан басын көтеріп:  «Қызым! Жағанды орамалмен жауып ал. Әкеме тұзақ қойылып өлтіріледі-ау немесе бір қорлыққа тап болады-ау деп уайымдама» деді.

   Біз ол қыздын кім екенін сұрадық. Ол жердегілер: «Қызы –Зәйнәб» десті (Хайсами 6,21). Міне бұл бір ғана оқиғадан біз Пайғамбарымыздын (с.а.с.) асқан шыдамдылықпен қиыншылықтарға сабыр еткенін көреміз.

 Қорыта келе, сабыр-адам баласынын бойындағы өте қымбат қазына. Бәлекеттер мен қиыншылықтарға ең мықты қалқан болатын да – осы сабыр! Сабыр бүткіл ізгі амалдардын бастапқы есігі және Алланын разы болатын әрі үлкен сауаптарға кенелуіне себеп болатын ерекше сипат. Бір сөзбен айтқанда, сабыр- толық иманның белгісі.

Талдықорған қалалық

«Нұр» мешітінің бас имамы:

Данағұлов Алмас

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз