{gallery}2607{/gallery} Ескелді ауданына қарасты Ешкіөлмес ауылындағы Имам Ағзам мешіті сауат ашу курсы сабақтарын сәтті бітірді. Талдықорған өңірінің Өкіл имамы Серікқан Рымханұлының тапсырмасын аудандық, ауылдық имамдар толағай табыстармен жүзеге асыруға мұрындық болды Ешкіолмес мешітіндегі сауат ашу курсының аяқталуына Өкіл Имам С.Ахмадиев арнайы қатысты. Қасиетті Рамазанның бір кеші Ешкіөлместе есте қаларлық өтті. Озат шәкірттердің жетеуіне 7 лақ сыйға тартылды,білім көкпарының лағын тартқандарға алғыс хат пен оқу құралдары берілді Берекелі Рамазанның ақ дастарханында ауыз ашарлар қуаныш үстіне қуанышқа бөледі Ескелді ауданының Бас Имамы Б.Жұмағалиев ауыл тұрғындарын Рамазанмен құттықтап әсерлі уағызымен бөлісті.