{gallery}220620150{/gallery}ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің әр облыс имамдарына жүктеген тапсырмаларының бірі, қасиетті Рамазан айының алдында облысқа қарасты әр мекеме басшыларын Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, арнайы құттықтау қағазын таратуды міндеттеген болатын. «Жақсылық жасасаң өзіңе қайтады» демекші Алматы облысы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы әр мекеме басшыларына құттықтау хаттар жолдаса, оның қайырымы есесіне, мекеме басшылары өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлын құттықтап, ақ тілектерін жаудыруда. Соның бірін тілге тиек етсек, Алматы облысының дін істері басқармасының төрағасы Қасымберкебаев Тәңірберген мырза өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлын Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, сый-сыяпаттар жасап, ҚМДБ-ның тұғырнамасы және мұсылманның тұлғалық бейнесі атты кітаптардың тиражын көбейтіп сыйға тартты.