×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/18062015
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/18062015
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қасиетті Рамазан Құран хатыммен басталды

18 Jun 2015 0 comment Оқылды: 1511 рет

{gallery}18062015{/gallery}

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде тарауық намаздары 17 маусым күні құптан намазынан басталды. Рамазан айы бойы тарауық намаздарында Құранды толық хатым етуі үшін Стамбул қаласының найб имамы Сабри қари жүргізетін болды.

Құптан намазы алдында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев Рамазан мен оразаның қасиеттері туралы уағыз айтып, қариды жамағатқа таныстырды. Өз қатарында Сабри қари сөз сөйлеп, Қазақстанға алғаш келгендігін, қазақ елінің қонақжайлылығына, мешітте намазға жиналған жамағаттың көптігіне таң қалғандығын жеткізді. Екі елдің ынтымағы одан әрі нығаюына, Рамазан айы бойы жасаған құлшылық-ғибадаттардың қабыл болуына тілектес болып, елімізге тыныштық, Елбасымызға амандық тіледі.

Жалпы биылғы жылы ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Түркия елінен еліміздің қалаларында тарауық намаздарында Құранды хатым етуі үшін 19 қари келді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз