{gallery}05182015{/gallery}Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының 2015 жылғы белгілеген жоспарының тағы да бір нәтижесін іске асыра отырып, бес имам Талдықорған өңірі бойынша, Ақсу ауданына қарасты ауылдарда болып қайтты. Атап айтсақ; Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің найб имамдары Ардақ Нүсіпханұлы, Ақсу ауданына қарасты Сағабүйен ауылына, Усманов Нұрлан Жансүгіров ауылына, Дәуітов Керімбек Қызылағаш ауылына табан тіресе, Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің ұстазы Ордыбай Мұхаммед Ақсу ауылына, және Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Данағұлов Алмас, Қапал ауылында уағыз-насихаттарын жүргізіп, қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, көптеген мақал-мәтелдерін, шариғатпен ұштастыра отырып, мектеп ұстаздары мен оқушыларға, және жұма намазына келген жамағаттарға кеңінен түсіндірді. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, аталмыш имамдарының айтылатын уағыздарының басты мақсаты, әрбір жас ұрпақ салтын сүйсе, халқын сүйеді, еліне адал қызмет етеді емес пе? әрі тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімін білдірсе екен деп тілейді ғой. Осындай игі шараларға аянбай халықты имандылыққа уағыздаушы бес имамның, бес ауылға барған бір күндік сапары, он екі кездесуді қамтыды.