ҚМДБ Жетісу облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастырумен Талдықорған қаласындағы туа бітті ауруға шалдыққан балалар үйінде “Қуанса, бала қуансын!” қайырымдылық шарасы өтті. Шараға облыс имамы Алмас Сағидоллаұлы келіп, балаларға жылы лебізін білдірді. Ертегілер елінің кейіпкерлері балаларды ойнатып, әуездә әндер айтылды. Шара соңында қайырымды жандардың демеушілігімен дастархан жайылды. Одан бөлек, балалар үйіне тамақтты езу құрылғылары сыйға берілді.