×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Jyldyk qortyndy
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Jyldyk qortyndy
Басып шығаруға арналған нұсқасы

ҚМДБ-ның Жетісу облыстық өкілдігіне қарасты қала және ауданның бас имамдары жылды қорытындылады

08 Dec 2022 0 comment Оқылды: 143 рет

Жиынды Жетісу облысының Бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы ашып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, аудан, қала имамдарының есебін тыңдады.

«Біз дін қызметкерлері қандай жұмыс жасасақта, ең алдымен Алланың разылығы үшін жасауымыз керек. Көздеген мақсатымыз да бірінші Алланың, кейін халықтың игілігі үшін. Біздің жұмыстарымыз қоғамды ізгілендіруге, бірлікті нығайтуға бағытталуы керек» деп атап өтті Алмас Сағидоллаұлы.

Жиында имамдар мүфтият бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты, оқу-ағарту, оңалту, саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мешіттердің ішкі жұмысы, қайырымдылық бағыттарында атқарылған жұмыстарға шолу жасады.

Өңір имамдарының есебін тыңдаған Алмас Сағидоллаұлы мешіт имамдарына бірқатар тапсырмалар беріп, келер жылы жастар мен әйел жамағатына арнаулы дәрістер ұйымдастыруды, жас мамандарды жұмысқа тартуды, уағыз-насихат сапасын күшейту жұмыстарын пысықтады.

{gallery}Jyldyk qortyndy{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз