×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Kabylbek Alipbaiuly
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Kabylbek Alipbaiuly
Басып шығаруға арналған нұсқасы

РАНТ МҮШЕСІ, ИСЛАМТАНУШЫ ҚАБЫЛБЕК ӘЛІПБАЙҰЛЫ ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ

26 Nov 2022 0 comment Оқылды: 175 рет

ҚМДБ жанындағы РАНТ мүшесі, белгілі исламтанушы Қабылбек ұстаз Әліпбайұлы жетісу жамағатымен жүздесті.
Нәрлі уағызымен елді сусындатып жүрген ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы облыстық “Иман” мешітіне келіп, аср намазынан кейін, жамағатқа уағыз айтты.
Кездесуде мұсылман арасындағы бауырмашылдық сипаттары, әрдайым шынайы ниетпен ихсан дәрежесінде құлшылық қылу керектігін насихаттады. Бір жарым сағатқа созылған уағыз жамағатқа жағып, жұртшылыққа әсерлі болғаны сөзсіз. Шара соңында ұстазға облыс имамы Алмас Сағидоллаұлы жиылған көпшілік атынан алғыс айтып, жақсылыққа себепші болған жандарға ризашылығын білдірді.{gallery}Kabylbek Alipbaiuly{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз