×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Zhastar 2 meshiti
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Zhastar 2 meshiti
Басып шығаруға арналған нұсқасы

ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ ЖАҢАДАН ИМАНДЫЛЫҚ ҰЯСЫ АШЫЛДЫ

22 Oct 2022 0 comment Оқылды: 190 рет


Жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына қарасты Жастар-2 ықшамауданында Алланың үйі – мешіт жаңадан бой көтеріп, есігін қасиетті Жұма күнінде жамағатқа айқара ашты.
Жаңа мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлы, өңір басшылары, жергілікті зиялы қауым өкілдері, ақсақалдары, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері, жергілікті имам-ұстаздар қатысты.
ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Оңғар Ершат Ағыбайұлы құттықтау сөзінде:
«Қадірлі де киелі Жетісу жұртшылығы Сіздерге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізе отырып, Бас мүфти атынан құттықтаймын. Ол кісі жұмыс сапары аясында қатыса алмайтынын жеткізіп, біздің жеткізуімізді тапсырған еді»,- деп сәлемін жеткізді.

Және барша мұсылмандар атынан мешіт салған кәсіпкер азаматтарға, мұрындық болған барша ағайынға ризашылықтарын білдіріп, Дінбасының арнайы алғыс хатымен марапаттады. Ал сәулеті мен келбеті келіскен, 300-ге жуық жамағатты бір мезетте қамти алатын мешітке Құран кітабымен қасиетті аяттар жазылған естелік сыйлықтар тарту етті.
Өңір басшылары құттықтау сөздерін айтып, жергілікті ақсақалдар бата берді. Апалар шашу шашып, балапандар тәттіге тойды.
Білімі жоғары жаста болса іскер маман, орталық «Иман» мешітінің ұстазы Мұқиятұлы Нұрсұлтан Бас мүфти бұйрығымен жаңа мешіттің имамы болып тағайындалды.
Наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы жұма уағызын айтып, намазын жүргізді. Ары қарай игі шарада наиб мүфти бүлдіршіндердің тұсауын да кесіп, бөбектерге батасын берді. Жиылған жамағат мешіт ауласына тігілген шатыр астындағы дастарханнан дәм татып, мешіт құрылысына атсалысқан жомарт жандарға разылықтарын білдіріп, игі тілектерін жаудырды.

 

{gallery}Zhastar 2 meshiti{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз