ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігі мен Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Шариғи киім үлгісі» атты сән байқауы өтті. Сән байқауын ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жетісу облысындағы жауапты өкілі Айгерім Атымтайқызы ашып, қатысушы дизайнерлерге сәттілік тіледі. Іс-шараға Абдурахманова Динара, Орынбасарова Айгерім қазылық жасады. Байқауға қатысқан киім үлгілері ең алдымен шариғат талаптарына сай болуы, содан кейін ғана заманауи қырынан бағаланды. Әділқазылардың шешімімен республикалық сайысқа жолдаманы Какабаева Гүлдана жеңіп алды. Жүлделі орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар сертификаттар табыс етілді. Бұдан бөлек облыстық орталық «Иман» мешітінің ұстазы Айгерім Атымтайқызы жамағатқа «Дін және дәстүр» тақырыбы аясында сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген қыз-келіншектерге сыйлықтар берілді. Шара соңында ұстаздың «Орамал тағу, әурет жерін жабу – мұсылман әйелге парыз» тақырыбында насихатымен жалғасты.