×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Kaiyrymdylyk
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Kaiyrymdylyk
Басып шығаруға арналған нұсқасы

МҰҚТАЖҒА МЕДЕТ БОЛҒАН ҰШЫР ЖИЫН!

06 Sep 2022 0 comment Оқылды: 150 рет

“Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адамның бір-біріне қарайласуы мұсылмандықтан. Қалалық “Тәубе” мешітінің бас имамы Даутов Керімбек имам  бастаған дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өңірдің “Зекет және қайырымдылық” қорының атынан “Күзгі жиын-терін науқаны” деген атпен ұшырдан жиылған қайырымдылық шарасы өтті. 40-тан астам отбасына азық-түлік, көкөніс, дәнді-дақылдар үлестірілді. 

«Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған –адамдықтың белгісі» деп халқымыз айтпақшы, қайырымдылық жасап, мұқтаждарға медет сыйлап жүрген имамдарымызға Алла разы болсын!

{gallery}Kaiyrymdylyk{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз