×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Quranirikeu
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Quranirikeu
Басып шығаруға арналған нұсқасы

ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ЖӘНЕ МӘНЕРЛЕП ОҚУ БОЙЫНША XI ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ

30 Aug 2022 0 comment Оқылды: 153 рет

{gallery}Quranirikeu{/gallery}

ҚМДБ Жетісу облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Иман» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XІ республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.
Жарысқа өкілдікке қарасты «Талдықорған жеке қайырымдылық мекемесінің қарилар даярлау орталығының» шәкірттері қатысып, Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өзара бақ сынасты.
Құранмен нұрланған болашақ қарилар жарысына Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, наиб имам, қари Мадияр Қайратбекұлы, «Еңбек» ауылдық мешітінің бас имамы, қари Әбіләкім Ибрахим қазылық етті.
Іріктеу сайысында сөз бастаған бас имам Алмас Сағидоллаұлы Құран жаттаудың артықшылығы және қазақ топырағындағы қарилар тарихына тоқталып, додалы бәйгеде қатысушыларға рухани демеу берді.
Дәстүрге айналған Құран сайысында үміткерлердің Құранды жатқа айтуына, тәжуидіне, махамына, дауыс әдемілігіне мән берілді. Жарыс соңында 4 деңгей бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар қаржылай марапатталды. Жүзден жүйрік шығып, үздік атанған Әнуарбекұлы Ариман (мәнерлеп оқу), Халмұратұлы Шынар (10 пара), Еренұлы Ерасыл (20 пара) XІ республикалық Құран байқауына жолдама берілді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз