Жетісу өңірінде сертификаттаудан өткен мейрамхана мен асханаларды тексеру мақсатымен Талдықорғанға арнайы іссапармен ҚМДБ «Халал Дамудың» комиссия мүшесі, технолог Әселхан Сыдық келіп, жоспарлы бақылау-қадағалау жұмысын жүргізді.
Тексеріске технолог Әселхан Сыдықпен ҚМДБ «Халал Дамудың» Жетісу облысы жауапты маманы Ордыбайұлы Мұхаммед қатысты. Тексеріс барысында бекітілген шариғат және стандарт талаптарының сақталуы мен орындалуы қадағаланды.
Бақылау барысында тағам әзірлейтін өнімдердің рұқсат етілген, таза болуы, дайындалу барысында бекітілген ережелердің орындалуы басты назарға алынды. Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарының орындалуы, сондай-ақ өндіріс аймағының санитарлық талаптарға сай болуы да тексерілді.
Жүргізілген бақылау жұмыстары барысында біраз кемшіліктер де анықталды. Технолог Әселхан Сыдық айтылған ескертулерді жедел түрде түзету керектігін, бекітілген мерзімде жүзеге аспаған жағдайда сертификат күші жойылатынын жеткізіп, ескертулердің орындалуын жергілікті өкіл Ордыбайұлы Мұхаммедке тапсырды.
{gallery}Halaldamu{/gallery}