Көктұма ауылдық Әмірқожа мешітінде аудандық құран сайысы болып өтті. Ауыл имамы Серік Ержанов мешіт жамағатымен бірлесе ұйымдастырған шараға аудан бойынша құран сайысына 40 шәкірт қатысты.
Әділқазылар алқалары Үшқоңыр медресе колледжінің директоры орынбасары Ринат ұстаз бен ауданның бас имамы Әнет Омарханұлы және Фатиха мешітінің имамы Жандос Шаймарданұлы сайыста бақ сынаған шәкірттердің әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде құранды жатқа оқуда жүзден жүйрік шыққан көктұмалық Ақылбек Ахмад бас жүлдеге ие болса, Сейітқали Сұлтанали бірінші орынға ие болды. Шәкер Мирас екінші ал Санжар Жақыш пен Фархатұлы Зубаир үшінші орынға табан тіреді.
Құранды мәнерлеп оқудан Талғатұлы Әділет бірінші,
Жанат Расул екінші,
Алмас Бекжан үшінші орын алды.
Жиырма төрт балаға қаржылай 165000 теңге ынталандыру сыйлықтары берілсе, ой көкпары сайысында сұрақтарға дұрыс жауап берген шәкірттерге 180 000 теңге қаражат сыйға берілді.
Шара соңында сайысқа қатысқан шәкірттер мен имамдарға және ата-аналарға арнайы дастархан жайылып құрмет көрсетілді.
{gallery}Alakolquran{/gallery}