ҚМДБ Жетісу облысы бойынша өкілдігі «Жастар ісі» секторының ұйымдастырумен Талдықорған қаласында жыл басында ғана ашылған «Тең қоғам» мүгедектігі бар жандарды қолдау орталығында туа және жүре мүгедек болған 30 балаға жаңа сөмкелер, дәптерлер, қаламдар және сан түрлі мектепке керек жабдықтар үлестірілді.
Игілікті шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, өңірдің бас имамы Данағұлов Алмас, қолдау орталығының қызметкерлері және ата-аналар қатысты.
Аталмыш шараның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету.
Игі шараға жиналған ата-аналар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған Жетісу облыстық өкілдігіне қарасты барша мешіт қызметкерлері мен демеушілік көрсетіп, ізгі шараға бір ауыздан ат салысқан барлық жомарт жандарға «Тең қоғам» қолдау орталығына өз алғыстарын айтты.
{gallery}Tenqogam{/gallery}