ҚМДБ Жетісу өкілдігінің “Зекет” қайырымдылық қорының өкілі Хадыс Омар имамның ұйымдастыруымен “Ел үлесі-пәтерге” жобасы аясында Ескелді ауданының бас имамы Ордыбайұлы Мұхаммед имамның арқау болуымен Қаратал кентінде өңір бойынша 83-ші, ал республика бойынша 573-ші пәтердің кілті 7 балалы толық отбасына табысталды. Қуаныш иелерін құттықтаймыз. Баспаналы болған көп балалы отбасының атынан жиналған қауым және ұйымдастырушылар, тілекші жандар жайылған дастарханнан дәм татты. Игі іске арқау болған барша жанға Алла разы болсын!