Жетісу облысының имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» жобасы аясында өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлының ықпал етуімен киелі Түркістан облысындағы қасиетті мекендерге арнайы діни экспедиция ұйымдастырды.
Талдықорған қалалық “Тәубе” мешітінің бас имамы Керімбек Сәрсенбайұлы бастаған 20-ға жуық дін қызметкері Арыстанбаб кесенесіне, байырғы Отырар қаласының орнына, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне барып, бабалар рухына Құран бағыштап, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың киелі орындарын зиярат етті.⠀
⠀
Сондай-ақ, мешіт ұжымы күллі түркі жұртының рухани астанасына айналған қаланың жаңарған көрінісіне куә болды. Зәулім ғимараттар мен сәулетті мешіттер қаланың көркін одан әрі аша түсіпті. Еліміздің оңтүстігіне игі мақсатта сапар шеккен ұжым рухани мол тағылым алып қайтты. ⠀
Айта кетсек, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Дархан дала» жобасы іске қосылған болатын. Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, Түркістан қаласына, басқа да тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру.
{gallery}Darhan dala{/gallery}