×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Otanym
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Otanym
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорған: “Отаным-Қазақстан” тақырыбында насихат дастарханы

26 May 2022 0 comment Оқылды: 285 рет

 

Жетісу имамдары өзара уағыз-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді. “Көкжазық Фазенда” демалыс комплексінде «Кемел кездесу» айлық дастарханы жайылып, «Отаным – Қазақстан» тақырыбында уағыз айтылды. ⠀
Өңірдің Бас имамы Алмас Сағидоллаұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қолға алынған игі бастама негізінде арнайы жайылған дастархан басында жиналған дін қызметкерлеріне отанды сүю мен туған жерге деген сүйіспеншілік төңірегінде сөз қозғады. ⠀

Ғибратты басқосуда ұстаздар келтірілген хадистер мен мысалдардан адам үшін кіндік қаны тамған туған жердің қаншалықты қастерлі ұғым екендігіне бір сәт ой жүгіртіп, рухани ілімдерін жандандырып қайтты.⠀

Айта кетсек, ҚМДБ тапсырмасына сәйкес Талдықорған өңіріне қарасты барлық мешіт қызметкерлеріне уағыз айтудың ережелері, пәтуа беру әдебі, ораторлық сөз сөйлеу мәдениеті сынды семинарлар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

{gallery}Otanym{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз