×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Qam22
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Qam22
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорған: “QAMQOR-SHARAPAT” және “ҚАЖЫЛЫҚ 2022” насихатталды

26 May 2022 0 comment Оқылды: 191 рет

“QAMQOR-SHARAPAT”– көпшіліктің сұранысымен жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба. Бүгін Діни басқарма бекіткен үлгіге сай ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Сағидоллаұлы көшпелі жиын аясында Ескелді аудандық орталық мешітінде қала-аудан бойынша бас имамдарына жиын өткізді. Іс-шара барысында «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Талдықорған өңірі бойынша меңгерушісі Ибраймов Юсуф имам түсіндірме жұмысын жүргізіп, бірізділікке түсуі қажет дүниелерді тілге тиек етті. ҚМДБ “Тауаф тревэл” компаниясының алдағы жұмыс жоспары жайлы өңірдің осы бағамға жауапты маманы Жұмағалиев Болат имам алдағы үлкен қажылық және умра сапарлары жайында хабар беріп, түсіндірме жұмысын жасады. 

«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру жөнінде бастама көтерген болатын. Бүгінде жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек. Алдағы уақытта салттық қызмет көрсететін орталықтар ҚМДБ ұсынған үлгіге сай жұмыс жүргізсе қабір басындағы келеңсіздіктер тоқтап, бірізділікке келеді деген ниеттеміз.

{gallery}Qam22{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз