ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша “Жастар ісі” секторының ұйымдастыруымен орталық Иман мешітінің ұстазы Жардыбайұлы Ережеп І.Жансүгіров атындағы ЖМУ жанындағы колледжде 《Имандылық жарасады ұл-қызға》тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастардың имандылыққа бетбұруы, ұлдарымыздың иманды, қыздарымыздың ибалы болып өсуінің қоғам болашағы үшін маңызы зор екендігі, келешекте елге, жерге жанашыр болатындай, адал қызмет атқаратын мықты тұлғағаны өз бойымызда қазірден қалыптастыру жайында ойлар ортаға салынды. Кездесу соңында студенттер көкейлерінде мазалап жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алып, алдағы уақытта жиі кездесу ұйымдастыру керек деген ойларын айтты.
{gallery}Jgu{/gallery}