×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Ait
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Ait
Басып шығаруға арналған нұсқасы

ҰЛЫҚ МЕЙРАМ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

02 May 2022 0 comment Оқылды: 190 рет

Бүгін – қасиетті Ораза айт мерекесі. Исі мұсылман үмметіне қадірі ерекше қос мерекенің бірі болған Ораза айт мейрамы жетісу өңірі бойынша таңғы сағат 07.00-де айт намазын оқумен басталды. Намазға дейін жиылған жамағатқа Орталық мешіттің ұстазы Хамитұлы Табарак Ораза айт мерекесі жайлы насихат айтты. ҚМДБ Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы жамағатты Ораза айтпен құттықтады. Жиылған жамағатқа бүгінгі мерекенің мән-маңызын жеткізіп, айт намазының оқылу үлгісімен таныстырды. Айт намазына имамдыққа шығып, айт намазының құтпасын оқыды. Намаз соңынан жамағатпен бірге дұға жасап, еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі. Ұлық мереке намаздан кейін мешіт ауласында спорттық-қайырымдылық шарамен жалғасын тапты.

{gallery}Ait{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз