×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Jarapazan
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Jarapazan
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Кербұлақта Жарапазан байқауы!

15 Apr 2022 0 comment Оқылды: 294 рет

ҚМДБ- ның Төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2022 –жылғы Қазақстан халқына жасаған үндеуі аясында. Ағымдағы жылдың 15 сәуірі күні Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Әбікен Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде 12 айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының құрметіне 7 мен 15 жас, 16 мен 30 жас және 30-дан жоғары ерлер мен айел азаматшалары арасында ұйымдастырылған аудандық «Жарапазан байқауы» өтті.
Байқауда әр жас ерекшеліктері бойынша 30 адам қатысып, 1-ші, 2-ші, 3-ші орын алған қатысушыларға мақтау қағаздары мен діни бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар қалған қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары табысталып берілді.
Байқауға Талдықорған қалалық «Иман» мешітінің наиб имамы, Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Дәуітов Керімбек Сәрсембайұлы келіп әділқазы алқалары қатарынан орын алды.
Байқаудың мақсаты осы қасиетті айда ислам дінін насихаттау, халықты жақсылыққа шақыру, адамгершілікке, имандылыққа шақыру.{gallery}Jarapazan{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз