ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкілдігіне қарасты барлық мешітте жұма намазынан кейін пәтуа сағатын өткізу қолға алынды.
Әр жұма намазынан кейін қала тұрғындары мен мешіт жамағаты білікті пәтуа мамандарынан көкейлерінде жүрген діни сұрақтарға жауап алуына болады. Айта кетейік бұл бастама қала бойынша мешіттерде алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіледі.{gallery}Patua sagaty{/gallery}