×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Ramm
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Ramm
Басып шығаруға арналған нұсқасы

“РАМАЗАН СЫЙЫ” жамағатқа қуаныш сыйлады

11 Apr 2022 0 comment Оқылды: 222 рет

Әлем жұртын әуреге салған індеттің кесірінен өткен жылдар еліміз үшін ауыр сынақ болды. Қасиетті Рамазан айында бас қоспаған мұсылман қауымы мешіттердегі тарауих намаздарын, ауызашар дастарханын сағынғаны сөзсіз. Биыл шүкір, келіп жеткен нұр шашқан айда барлық мешіттер есігін айқара ашып, арқа-жарқа болып ауызашарға келіп, намаздарда иық тіресіп, құлшылық қылған жамағаттың қуанышында шек жоқ. Осы үрдісті жалғастыру үшін өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлының тапсырмасына сәйкес, Рамазанның алғашқы аптасында мешіттерде “Рамазан сыйы” науқаны басталып, ауызашарлар берілуде. Діни сұрақтар қойылып, түрлі сыйлықтар үлестірілуде. Арты тарауих намазымен жалғасып, еліміздің амандығы, халқымыздың тыныштығы үшін дұға қылынуда. Ұлық айдың құрметіне, арнайы ауызашарлар өңірдің барлық мешітінде айдың соңына дейін жалғасын табады.{gallery}Ramm{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз