×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Tarauih
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Tarauih
Басып шығаруға арналған нұсқасы

АЛҒАШҚЫ ТАРАУИХ НАМАЗЫ

01 Apr 2022 0 comment Оқылды: 183 рет

Келіп жеткен ұлық Рамазан айы баршамызға қабыл болсын! Орталық “Иман” мешітінде өңірдің наиб имамы Мадияр қари Қайратбекұлының шәкірттері Тарауих намазын өткізеді. Айта кетейік, аймақтың барлық мешітінде мешіт жанын құрылған “Қарилар даярлау орталығының” 30-ға шәкірттері Тарауих намазын 1 ай жүргізіп, Құранды толықтай хатым ететін болады. Рамазан айында жиырма рәкәғат тарауих намазы оқылады. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Хақ Тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», – деген хадисі бар. Сондықтан ер және әйел кісінің жиырма рәкәғат тарауих намазын оқуы – сүннет муәккәдә.

Сүннет муәккәдә – бекітілген сүннет, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әрдайым істеген және істеңдер деп өсиет еткен амалдар. Мысалы, таңғы намаздың парызынан бұрын екі рәкәғат сүннет намазын оқу. Бұл үкімді орындамаған адам мол сауаптан және қиямет күні Алла елшісінің (с.ғ.с.) шапағатынан құр қалады.

Тарауихтың бұл үкіміне, біріншіден, имам әл-Байһақи ибн Аббастан және Әс-Сәййиб ибн Язидтен (р.а.) жеткен риуаяттар дәлел. Нақтырақ айтқанда, ибн Аббастың (р.а.) риуаятында Расулулла (с.а.у.) тарауих намазын жиырма рәкәғат етіп оқығаны жайында айтылса, әс-Сәййиб ибн Язидтың (р.а.) риуаятында екінші халифа Омар ибн әл-Хаттабтың заманында тарауих намазы жиырма рәкәғат етіліп оқылғаны айтылған.

Жалпы, ғалымдар тарауих намазының рәкәғат санына қатысты түрлі пікір айтқанымен, ғалымдардың басым көпшілігі: «Тарауих рәкәғатының саны – жиырма», – деген көзқарасты ұстанып, бұл мәселеде Омар, Әли, т.б. сахабалардың (р.а.) риуаяттарына сүйенген. Мәселен, мәзһабымыздың Имамы Әбу Ханифа, ғалымдардан Имам Әт-Таури, Имам Ибн Әл-Мүбәрак, Имам Шафиғи, Имам Мәлік, Имам Ахмад, т.б. Ислам әлеміне әйгілі ғалымдар тарауих жиырма рәкәғат етіліп оқылатыны жайында айтқан.

Омар ибн Әл-Хаттаб (р.а.) халифалық дәуірінен бастап, мұсылмандар жаппай тарауих намазын жиырма рәкәғат етіп оқитын болды. Омардың (р.а.) бұл үкіміне бірде-бір сахаба (р.а.) әрі кейінгі бірде-бір халифа қарсы шықпады.

Әбу Ханифа Омардың (р.а.) бұл ісі жайында сұралғанда: «Омар (р.а.) мұны ойынан шығармады», – деп жауап берсе («Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаъа»), Имам Шафиғи: «Мен Меккеде адамдар тарауих намазын жиырма рәкәғат етіп оқығанын көрдім», – деген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Омардың (р.а.) көзі тірісінде-ақ ол жәннаты болатыны жайында айтып сүйіншілеген болатын. Ал сол Омар (р.а.) тәрізді сахабаға еруге қатысты дәлел ретінде Расулулланың (с.ғ.с.): «Менiң сүннетiм мен әдiлеттi халифалардың жолына мықтап жабысыңдар!», – деген сөзін келтіруді жөн көрдік!

{gallery}Tarauih{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз