Бүгін РАНТ мүшесі Талдықорған өңіріне жасаған сапары барысында Сейтбеков Смайыл Сүйерқұлұлы Алматы облысы Дін істер басқармасының басшысы Ниет Бауыржан Амангелдіұлымен кездесті. Кездесуге өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, дін істер басшысының орынбасары Матаев Ерлан қатысты. Кездесу барысында дін істер басшысы өзара ынтымақтастық меморандум негізінде жергілікті мешіттермен бірлесе атқарып жатқан жұмыстар жайын айтып өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, діни радикализмнің алдын-алу, жаңа діни кадрларды жетісу жеріне жұмысқа тарту туралы мәселеде бір мәмлеге келді. Кездесу соңында Смайыл ұстаз Сүйерқұлұлы аталған басқарманың ютуб каналындағы “Дін сақшы” бағдарламасына сұқбат берді.{gallery}Ranty{/gallery}