×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/rantt
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/rantt
Басып шығаруға арналған нұсқасы

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Талдықорған өңіріне сапары барысында жастармен арнайы жүздесті

31 Mar 2022 0 comment Оқылды: 151 рет

    ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Талдықорған өңіріне сапары барысында жастармен арнайы жүздесті.

    Алдымен Смайыл Сүйерқұлұлы “Жетісу” университетінде өткен кездесудің қонағы болды. Кездесуді тізгіншісі осы оқу орны басшысының жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Абдулдаұлы болды. Іс-шараға Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, облыстық дін істер басқарма басшысының орынбасары Ерлан Матаев және аталмыш оқу орнының ұстаздары және тәлімгерлері қатысты.
    Кездесу барысында ата-баба дәстүрі ұрпаққа өнеге және жастық кезеңнің маңыздылығы туралы сөз қозғалып, Смайыл Сүйерқұлұлы жастарды осы шақта білім алып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ, түрлі жат ағымдардың жетегінде кетпеудің бірден-бір жолы ретінде, діни ақпараттарды дін қызметкерлерінен алудың қажеттілігіне тоқталды. Жас буын өкілдерінің көкейінде жүрген сұрақтарына РАНТ мүшесі және облыс бас имамы тұшымды жауаптар берді.
    Одан кейін РАНТ мүшесі Талдықорған Жоғарғы Политехникалық колледжінің студенттерімен жүздесті.
    Білім ордасында өткен іс-шараға өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, дін істер басқарма басшысының орынбасары Матаев Ерлан мен аталмыш оқу орны басшысының орынбасары Қаламқас Жұмағұлқызы, ЖАНТ мүшесі Ерлан Кеңесбекұлы сондай-ақ оқу орнының студенттері қатысты. Смайыл Сүйерқұлұлы “Дін. Руханият. Жастар.” тақырыбында дәріс оқып, жастарға насихат айтып, сауалдарына жауап берді. {gallery}rantt{/gallery}
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1Мешит Нур

 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз