ҚМДБ бекіткен жұмыс жоспарына сай жетісу жеріне 2 күндік жұмыс сапарымен ҚМДБ жанындағы РАНТ мүшесі, ғалым Сейтбеков Смайыл Сүйерқұлұлы келді. Облыстық Жетісу телеканалында қонақта болып, келіп жеткен қасиетті ай Рамазанмен құттықтап, басқарманың “Ислам - ынтымақ пен бірлік діні” жылы аясында атқарып жатқан және істелуі қажет дүниелері жайында айтып берді. Еліміздегі діни кадрлардың тапшылығы, шетелде білім алып жатқан қазақ жастарының жай-жапсары да айтылды. Айта кетейік, Смайыл Сүйерқұлұлы Талдықорған қаласында жоспар бойынша жастар, мемлекеттік және өңірдің барлық дін қызметкерлерімен кездесіп, семинар өткізетін болады.{gallery}Rant{/gallery}