×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Brifing
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Brifing
Басып шығаруға арналған нұсқасы

БАС ИМАМ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ӨТКЕН БРИФИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

30 Mar 2022 0 comment Оқылды: 144 рет

 

Бүгін Алматы облысының орталық баспасөз алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Данағұлов Сағидоллаұлы тікелей эфирде өткен «Қош келдің, Рамазан!” тақырыбындағы брифингке қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Брифингте Алмас қажы Сағидоллаұлы жетісулық жұртшылықты он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазанның басталауымен құттықтап, қасиетті айда өңір мешіттерінде атқарылатын шаралар жайлы атап өтті. Рамазан айында ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі оқыту-ағарту бағыты бойынша мешіттерде Құран әліппесі, Тәжуид, руханиятты көтеру бойынша уағыздар жүргізіледі. Одан бөлек Кешкі уақыттарда Тарауих намаздары өңіріміз бойынша барлық мешіттерде оқылады. Және ол намаздарды тұңғыш рет өзіміздің осыдан 3 жыл бұрын ашқан қарилық орталығымыздың шәкірттері жүргізеді. 1 айда толық құранды хатым ететін боламыз бұйырса.

«Алла қаласа, Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. 2 мамыр – Ораза айт күні. Биыл ораза 30 күнге созылады. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы.

Рамазан – айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі.

Рамазан – ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші «Құран» атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбәрак ай.

Рамазан – құлдың шын ықыласпен тәубаға келіп, Ұлы Жаратушысына қайта бет бұру заманы.

Рамазан – Хақ Тағаланың мейірім-шарапаты ерекше асып-тасатын айрықша ай. Ендеше осы қасиетті айда көп құлшылық қылып, қайырымдылық көп жасаған абзал.” деді Бас имам. {gallery}Brifing{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз