×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/taube
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/taube
Басып шығаруға арналған нұсқасы

СЕРКЕНІ СЕКСЕН РЕТ КӨТЕРГЕН АЗАМАТ МАРАПАТТАЛДЫ

25 Mar 2022 0 comment Оқылды: 418 рет

Талдықорғандағы «Тәубе» мешітінде Наурыз мейрамы айрықша аталып өтілді. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік шарада қол күрес, асық және садақ ату, гір тасын, 60 келілік серкені көтеру сынды спорттың бес түрінен арнайы жарыс өтті.

Осы орайда алдымен мешіт ауласында ағаш отырғызылып, аумақ тазаланды. Күндердің сұлтаны саналатын Жұма намазына жиналған жамағаттар алдында сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Сағидоллаұлы жалпы жұртты Наурыз мерекесімен құттықтап, сайысқа түскен азаматтарға сәттілік тілеп, ізгі тілегін жеткізді. Жұма намазынан кейін арнайы ақ дастархан жайылып, көпшілікке жеті түрлі дәннен дайындалған наурыз көже таратылды.

«Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Дәуітовтың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – төл мерекемізді дәріптеу, имандылық жолында жүрген азаматтардың спортқа деген құлшынысын арттырып, кез-келген жарыстарда қатысуына шабыт беру. Көпшіліктің көз алдында өткен жарыстың қорытындысы бойынша әрбір спорт түрінен топ жарған жеңімпаздар марапатталды. Атап айтсақ, жарыста 60 келілік серкені еш қиындықсыз 80 рет көтерген Бақтыбай ауылының тұрғыны Айдын Нұғыманов бірінші орынға лайық деп танылып көтерген серкесін сыйға алса, басқа ойын түрінің жүлдегерлеріне ешкі және 20 мың теңгеден сыйақы берілді. Сондай-ақ екінші орын иегерлері 15 мың теңгеден қаражатты қалталарына салса, үшінші орын жүлдегерлері 10 мың теңгелік сертификаттармен тамақтану орындарына жолдама алды.{gallery}taube{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз