Басып шығаруға арналған нұсқасы

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

21 Mar 2022 0 comment Оқылды: 363 рет
        Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! 
        Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.
        Күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Әр жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан тәуелсіз еліміздің ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!
        Келіп жеткен Наурыз мейрамы құтты болсын!
 
Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің бас имамы 
Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз