×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/ssar
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/ssar
Басып шығаруға арналған нұсқасы

САРҚАН АУДАНЫ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

20 Mar 2022 0 comment Оқылды: 152 рет

Тарихқа көз салсақ халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне кө­ңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыс­тың аманатын арқалаған жас өскін­ді тәрбиелеудің жолдары мен амал­дары да сан тарау. Солардың ішін­де ең басты рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің қайнар бұлағы, жастарды имандылықпен тәрбиелеу.

Жастар — таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Кешегі хан Абылай күллі қазақ баласының басын қосып, жауының алдын тосып, елімізбен жерімізді қорғап қалған кезде небәрі 20 жаста ғана еді. Византия империясын тізе бүктірген шағында Фатих Сұлтан 21 жасында болған екен. Әйгілі Ескендір әлемдегі ең үлкен мемлекетті құрғанда қылшылдаған жас жігіт болыпты. Олардың қай-қайсысы да өмірін күреспен өткізген. Өйткені олар — жас болсада бас болып, халық қамын жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимегендер еді. 

Жастар тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылып, өздерін атадан қалаған тәлім – тәрбие мұрасының мирасқоры екендігін сезініп, сол жүкке жауапкершілікпен қарай білсе, ананың сүтімен берілген білімнің бұлағынан сусындап, бойдағы білімді әдеппен ұштастырса, көңілдегі көксеген мұратына қол жеткізу жеңіл болары хақ. Қазіргі жастарды білімсіз деп те айта алмаймыз. Алайда білім – ағып жатқан дария, ал тәрбиесіз алынған білім – жардың астында ағып жатқан дария іспетті. Шөлдеген жан шөлін баса алмайтын, ешкімге пайдасы тимейтін ағын дария. Осы себепті дана халқымыз, «әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала» деп, дөп басып айтқан. Ал әдеп, ар, намыс, парасттылық пен кішпейілділіктің кілті – имандылықта. Еліміздің жарқын келешегі қолдарында құраны, жүрегінде иманы бар жастар екендігінде дау жоқ. Сол себепті ұлағатты ұрпақ тәрбиесінің имандылық аясында болуы, бүгінгі күннің кезек күттірмес талабы.бүгін ауданымызға арнайы іс-сапармен келген.

Талдықорған қалалық иман мешітінің ұстазы Табарак Хамитұлы. Алматы облысының жастар ресурстық орталығы КММ-ның филиалы “Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы”жастарымен кездесіп жастарға Елін-жерін сүйетін иманды,инабатты,дінімен дәстүріне бекем Салихалы ұрпақ болып қалыптасудың маңыздылығы туралы Даріс оқыды кездесу соңында жастар көкейдегісұрақтарын қойып қанағаттанарлық жауап алды.{gallery}ssar{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз