Бүгін орталық “Иман” мешітінде Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас қажы Сағидоллаұлы өңірдің найб имамы, қалалық “Тәубе” мешітінің имамы Керімбек Сәрсембайұлын мүфтияттың жанындағы “Имамдардың білімін жетілдіру”ислам институтындағы 2-ші дәрежелі куәлікті өңірімізде алғашқы болып, өте жақсы деген бағамен бітіруімен құттықтап, алғыс айтты. Керімбек Сәрсембайұлы 2014 жылы аталған оқу орнын 3-ші дәрежелі куәлікті өте жақсы бағамен бітірген болатын. Күні бүгінде халықтың діни сұрақтарда сұранысы күн санап, артып келеді. Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес, осынау білім іздеген заман талабында өңір имамдары білімін үздіксіз жетілдіріп келеді.{gallery}imamdar{/gallery}