×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/jarkent
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/jarkent
Басып шығаруға арналған нұсқасы

ҚМДБ КОНЦЕПТУАЛДЫ ҚҰЖАТТАР СЕМИНАРЫ ЖАЗИРАЛЫ ЖАРКЕНТ ЖЕРІНДЕ

16 Mar 2022 0 comment Оқылды: 186 рет

{gallery}jarkent{/gallery}ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Алматы облысы, Талдықорған өңірі Панфилов ауданы, Жаркент қалалық “Базар” мешітінде қала, ауыл дін қызметкерлеріне арнайы имамдар форумында қабылданған ҚМДБ концептуалды құжаттары және Фиқһ, Ақида, Ихсан, Шариғат және Пәтуа тағлымы бойынша ауданда

2 күндік көшпелі семинар өтті.

Семинарға қатысқан дін қызметкерлеріне өңірдің пәтуаға жауапты маманы, ЖАНТ мүшесі "Иман" мешітінің ұстазы Хамит Табарак "Шариғат және пәтуа тағылымы" тақырыбында дәріс оқып, дәріс барысында неке және отбасы, фиқһ, ақида мәселелері т.б. ҚМДБ тарапынан қабылданған пәтуалардың мазмұны түсіндіріліп, оны халыққа жеткізу жолдары, әдіс-тәсілдеріне тоқталды.

Талдықорған өңірінің діни оңалтуға жауапты маманы, ЖАНТ мүшесі "Иман" мешітінің ұстазы Жардыбайұлы Ережеп "Бабалар ұстанған ақида" тақырыбында қазіргі күнде болып жатқан түйткілді мәселелерге кеңнен тоқталды.

"Ислам-ынтымақ пен бірлік діні" жылы аясында көшпелі семинарда ЖАНТ мүшесі Ордыбай Мұхаммед "Дін қызметкері әр қашанда тыныштық пен бірліктің ұйтқысы болу керек" жөнінде сабақ жүргізді.

Семинардан кейін ЖАНТ мүшелері аудандағы бір қатар мешіттерде ақшам намазыннан кейін жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Семинардың 2-күні ЖАНТ мүшелері аудан орталық мешітімен қатар қалалық мешіттерде жұма уағызын насихаттап, жамағаттың алғысын алып, ықыласына бөленіп қайтты.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз