×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/neke
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/neke
Басып шығаруға арналған нұсқасы

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ИМАН» МЕШІТІНДЕ ИГІ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

26 Feb 2022 0 comment Оқылды: 192 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына жасаған жұмыс сапарында орталық «Иман» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығы аясында өткен игі шараға қатысты.

Бас мүфти әуелі жас жұбайлардың некесін қиып, Исламдағы отбасы құндылығы, ер мен әйелдің міндеттері туралы насихат айтты. Сонымен қатар отбасы бақытын баянды етуге әсер ететін игі амалдар туралы әңгімелеп берді.

ҚМДБ Төрағасы игі шарада бүлдіршіннің тұсауын кесіп, батасын берді. Сондай-ақ жас жұбайлардың бақытты ғұмыр кешуін Алладан тілеп, дұға жасады.

Айта кетсек, Бас мүфти жыл басында Діни басқарма жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін атап өткен болатын. Жеті бағыттың бірі – дін мен дәстүр.{gallery}neke{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз