Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлымен №1 орта мектепте «Ата – ананы қадірлейік» атты кездесу өтті.
Шара мақсаты: жастардың бойында ата – анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата – ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру, ата – ананы құрметтеу, сыйлай білуді түсіндіру.
Кездесу барысында «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы ата – анаға дінімізде қалай құрмет көрсететініне тоқталды. Жастар орталығының психологі ситуациялық сұрақтар қойып, мамандар даярлаған бейне роликтер көрсетілді.
Текелі қаласы «Керімбек би» мешіті