Талдықорған өңірі, Ақсу аудандық мешіті, "Молықбай Байсақұлы" атындағы мәдениет үйінің қызметкерлерімен мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасылардың балаларына "Қошқар мен теке" ертегісінің қойылымын көрсетті. Шара соңында аудандық мешіт жанындағы әйел-қыздар секторы балаларға тәттілер, жеміс-жидектер және сыйлықтар тарқатты. Шараның өтуіне атсалысқан мәдениет қызметкерлері, әйел-қыздар секторына және қолдау көрсеткен ағайынға Алла разы болғай!
Барша балаларға бақытты балалық шақ тілейміз!