×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/algys.29.12.21
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/algys.29.12.21
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Жетісу имамдары Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

30 Dec 2021 0 comment Оқылды: 310 рет

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Сағидоллаұлының төрағалығымен орталық «Иман» мешітінде өңір қызметкерлеріне жиын өтті. Басқосу барысында жыл бойы атқарылған істердің қорытынды бағасы бойынша нақтылық және кеткен қателіктер жайында сөз қозғалды. Діни басқармадан келген ескертпелер тыңдалып, 2022 жоспарланған айтулы шаралар пысықталды. Жиын соңында бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан келген Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай өңірдің үздік имамдарын арнайы алғыс хатпен марапаттады.

«Сіздің асыл дініміздің өсіп-өркендеуіне, тәуелсіз еліміздің 30 жылдық мерейлі белесінде жеткен әрбір жетістігіне қосқан үлесіңіз мол. Рухани құндылықтарымызды насихаттау жолындағы белсенді қызметіңіз бен ыждаһатты еңбегіңіз үшін Сізге айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, ізгі ісіңізге береке тілеймін!

Алла Тағала дін саласында ықыласпен атқарған әрбір ісіңізге мол сауаптан жазғай. Жаратушы Жаббар Иеміз Тәуелсіздігімізді баянды етіп, халқымызға бірлік пен береке нәсіп еткей. Әмин!» делінген Бас мүфтидің алғыс хатында.

Алмас Сағидоллұлы ҚМДБ Талдықорған өңірінің барша қызметкерлеріне өз алғысында жеткізді.

{gallery}algys.29.12.21{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз