×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/marapat2
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/marapat2
Басып шығаруға арналған нұсқасы

"Уақып" қоры президенті марапатталды

15 Dec 2021 0 comment Оқылды: 240 рет

Талдықорған қаласының әкімі Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Тәуелсіз еліміздің игілігіне қызмет етіп жүрген азаматтарды «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

             Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығына сәйкес, марапатқа лайық деп танылған азаматтар арасында арнайы елордамыздан келген, 8 жылға жуық осы өңірде дін үшін қызмет етіп, халықтың әлеуметтік тұрғысын жақсартуға тырысқан, бүгінде Діни басқарма жанындағы «Уақып» қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы да бар. Жетісу жеріне сіңірген ерен еңбегі бағаланып жатқаны қуантады. Аймақ басшысы егеменді елдің дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі зор екенін атай келіп, Тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында еңбек етіп жатқан барша жиылған қауымға алғыс айтты.

            "Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан азаматтары және шетел азаматтары наградталады",-делінген құжатта.

{gallery}marapat2{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз