СҮЙІНШІ! Қадірлі ағайын, Аллаға сансыз мадақ! Қыркүйек айының екінші жұмасында "Ел үлесі- пәтерге" жобасының аясында республика бойынша 127-ші, Талдықорған өңірі бойынша 41-ші үй Көксу ауданы, Мұқаншы округына қарасты Көксу бекетіндегі жұбайы қайтыс болып, бес баламен қалған Күлән Нұрғалиқызына табыс етілді! Қуаныштан көз жасын тыя алмаған ана да, ауыл жұрты да «Зекет» қорына алғыстарын жаудырып, игі іске халықты жұмылдыра білген аудандық зекет өкілі Бақыт Құрманбаевқа дән риза болысты. Өз тарапымыздан, осындай талай шаңырақтың шаттыққа кенелуіне себепкер болған жобаға атсалысқан барша ағайынға алғыс білдіре отырып, баршаңызды Алла разылығы үшін ары қарай да осы игі жобаның жалғасын табуына үлес қосуға шақырамыз!
«Ел үлесі - пәтерге» жобасына арнайы ашылған есепшот:
Каспий голд:
5169 4931 5008 2959
ЖСН: 680524300990 (Серік Құсайынұлы)
Сондай-ақ, аталмыш жобаға үлес қосам деген ауыл-аймақтағы азаматтар аудандық зекет өкілдеріне хабарласуына болады.
{gallery}koksu19{/gallery}