{gallery}120{/gallery}Бүгін Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы ҚМДБ-ға қарасты бірнеше діни оқу орындарында оқып жатқан студенттермен кездесу өткізді. Алматы қаласындағы "Нұр-Мубарак" университеті, "Абу Ханифа" медресесі және Үшқоңыр ауылындағы "Шамалған" медресесінде болған басқосуларда өкіл имам студенттерге діни қызметтің қыр-сыры, кездесетін қиындықтар және оның шешулері туралы айтып берді. Шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға қанық жауап берді.
Кездесу нәтижесі бойынша әр оқу орнынан биылғы бітіретін 5 (жалпы 18) тәлімгер діни қызметке даяр екендігіне ниет білдірді. Сондай-ақ, өкіл имам кейбір тәлімгерлерге өкілдік атынан қаржылай оқу ақысына жәрдем ретінде қаражат табыс етті.