×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/31
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/31
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Әз-Наурыз мерекесі Ақсу ауданында да тойланды

31 Mar 2017 0 comment Оқылды: 500 рет

 

{gallery}31{/gallery}Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын, еліміз тәуелсіздік алған  күннен  бері ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғыра бастады. Сол құндылықтарымыздың бірі Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесін кең көлемде тойлап, атап өтуге мүмкіншілік туып, халқымыз ұлттық сана, салт-дәстүрді және ұлттық ойындарды қайта жаңғыртуда.

Оның дәлелі ретінде,Талдықорған өңірі, Ақсу ауданы және ауданға қарасты ауыл имам - молдаларының ұйытқы болуымен Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мереке күндері дастархан жайылып, наурыз көже халыққа тарқатылды. Аудан көлемінде спорттың 8 түрінен сайыстар өткізіліп, жүлдегерлерге марапат қағаздары мен бағалы  сыйлықтар  берілді. Мерекеге қатысушылардың барлығы разылықтарын білдіріп, Раббым Алла елімізге берекелі  күндерді көп еткей деген ізгі тілекпен тарқасты.

                               Ақсу аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз