{gallery}1403{/gallery}Талдықорған өңірі Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы діни ахуалымен танысу, қоғам арасында шешімін таппай жүрген мәселелерді көтеріп, оларға жауап табу мақсатында белгілі ғалым, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі Алау Әділбаев келді.
Исламға қатысты қордаланған мәселелердің мәнісін ашу, өткір тұрған дін мәселесінде ақиқатты аршып көрсетіп, бұқараға ақ-қараны түсіндіру мақсатында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірлік өкілдігі, Алматы дін істері басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараларға А. Әділбаев қатысты.
Панфилов аудандық мешітте, ауданға қарасты ауылдардың әкімшіліктерінде болған кездесулерде Алау Әділбаев жастардың, діни сауаты нашар кейбір бауырларымыздың әлдекімдердің азғыруына еріп кетпей, жат ағымдардан сақтану үшін діни білімді арттыру қажеттігін еске салды.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі